ЗОБ - ты жеңген гомеопатия!

                                                                                                                                                    «Жетісу» газетінен

ЗОБ – ты  жеңген гомеопатия!

ЗОБ – тың кілтін тапқан гомеопатия.

ЗОБ-тан шығу жолы гомеопатия!

     Ғылым мен техника ұшқан құстай дамып, ем қонбайтын ауру қалмай барады десек те, науқастардың саны ешқашан да азайған емес. Бір қызығы, дәстүрлі медицина саласында аурудың бір ғана түрін бірнеше дәрігер емдеп, түбегейлі сауықтыра алмай отырған кезде, бірнеше ауруды бір ғана дәрігер емдеп жазатын мүмкіндік туғалы қашан. Біз сөз еткен, осыдан 200 жыл бұрын гомеопатиямен емдеудің негізін қалаған, неміс дәрігері Самуил Ганеман: «Мен гомеопатиядан алған әсерімді жер бетіндегі ешбір нәрсеге айырбастамас едім» - деп ой түйіп, гомеопатия ғылымына жол ашқан болатын. Бүгін де бұл салада айтулы жетістіктерге қол жеткізіп, өзге жерден өз ауруларына ем таба алмай дағдарған талай науқасты сауықтырып, ақ батасын алған емдеу орталығы - «Қазақстан гомеопатиялық медицина орталығы». Біз осы орталықтың білікті маманы, гомеопатия саласының кең танымал дәрігері Әсемгүл Оразбекқызымен «Зоб» ауруын гомеопатиямен емдеудің өнімділігі турасында аз-кем сұхбаттастық:  

- Көптеген дәрігерлер де, науқастар д а бұл ауруға ем қонбайтын дерт ретінде қарайды. Ал сіздер бұл емнің жолы бар деп сеніммен қарап келесіздер! Мұның сыры неде?

- Бұл ауруға шалдыққан адамдар үміттерін үзбей, әлемдегі ең нәзік, әрі ең қуатты емдердің бірі - гомеопатиямен емделсе, операциядан аман қалып, әрі бұл кеселден біржолата құтылатын еді. Бұл ауруды гомеопатия әдісімен операциясыз емдей аламыз деп сеніммен айтып отырғанымыз, тәжрибемізде гомеопат дәрігерлердің біліктілігімен, адамдардың табиғаттарына сай, гомеопатиялық препараттардың дұрыс таңдалуының арқасында, жағдайлары жақсарып, біржолата емделіп кеткендері де аз емес. Жасыратыны жоқ - бұл біздің медицина саласындағы жетістігіміз! Гомеопатиялық препарат - бұл біріншіден: бір жағын емдеп, екінші жағына зиян келтіретін химиялық қоспасы бар антибиотик дәрісі емес. Табиғи минералдардан дайындалған таза өнім. Адам ағзасына еш зияны жоқ гомеопатиялық препараттардың, атибиотиктік дәрмектер мен фитотерапиялық шөптерге қарағанда әсерлігі 1000 есе. Соның арқасында, гомеопатиялық препараттардың қуаттылығы соншалық, олар иммундық жүйені күшейтіп, адам ағзасының аурумен күресуге деген мүмкіндігін молайтады. Зоб ауруы соңғы кездері қоғамымызда өзекті мәселелердің біріне айналуда. Операция жасату – табылған амалға жатпайды. Оған қоса осының зардабын көрген науқас жандардың арасында бір емес, бірнеше операция жасатқандары да бар. Мұндай жағдайда тығырықтан шығудың бір жолы – жүйелі түрде гомеопатиямен емделу болып саналады.

Бұл ауруға уақытында көңіл бөліп тұрмасаңыз, қалқанша бездің қызметі одан аса бұзылып, қандағы жетіспейтін гормондарының азаюы салдарынан көптеген ауруларға есігін айқара ашып беретіні анық. Осы жағдайда жаныңызға тыныштық таппай, дәрігерлердің басқа да мамандарына қаралып, алтын уақыттарыңыз да қаражаттарыңыз да босқа кететінін сіздер жақсы білесіздер.  

- Аталған ауруды түбегейлі емдеу тәсілімен толығырақ таныстыра кетсеңіз.

- Біздерді ұзақ жылдар бойы дене мүшелеріміздің бірін емдесе, басқа біріне зиянын тигізетін синтезделген антибиотик препараттарымен емделіп келдік. Бұл туралы қазірігі кездері медицина мамандарына тұрмақ, қарапайым жұртқа да белгілі.

Аурудың біз сөз еткен түріне шалдығып, жазыла алмай, үміттерін үзіп жатқандары қаншама. Мамандар зобты жазылмайтын аурулар қатарына жатқызғанымен, бүкіл әлемдегі медициналық тәжрибеде бұл кеселді емдеудің ең сәтті, әрі сеніммен қарап келе жатқан жолы – гомеопатиямен емдеу жүйесі. Гомеопат дәрігердің ең бірінші мақсаты аурудың себебін табу! Егерде науқас адамды жүйелі түрде емдейтін болса, жазылмайтын ауру жоқ. Кез келген адам табиғатпен тығыз байланыста болатынын сіздер жақсы білесіздер. Адам табиғаттың бір бөлшегі болған соң, оның сол табиғатқа байланысты өздерінің мінез құлықтары да болады. Сондықтан гомеопат дәрігердің бір ғана науқастың өзіндік табиғи дәрісін тауып беру үшін, онымен бір жарым екі сағат бойы, оның ішкі жан дүниесін, өмірдегі болған жағдайларын бәрін қопарып, сұрап болған соң тиісті дәрісін белгілейді. Адам баласының жаратылысы нәзік болған соң оған ем жүйесі де, дәрі-дәрмектері де, ағзасының бірде бір мүшесіне зиян келтірмейтін емді қажет етеді. Ондайлардың қатарларына - гомеопатия кіреді. Дәстүрлі медицинаның қолынан келмеген ауруларды гомеопатия емдеп, талай дәрігерлерді де, адамдарды да таң қалдырған. Кезінде тырысқақ эпидемияның салдарынан бір мемлекеттің халқын аман алып қалған осы гомеопатия болатын.

Гомеопатияның тағы бір ерекшелігі адамның жаны мен тәнін бірдей емдейтін дүние жүзіндегі медицина саласындағы жалғыз ғылым. Кезінде бұл туралы Платон: «Дәрігерлердің ең үлкен қателігі адамның тәнін ғана емдейтіндігінде. Жанын емдеу ұмыт қалған. Бұл екеуін екі бөлек қарауға болмайды» - деп осыдан екі мың жыл бұрын айтып кеткен болатын. Жан мен тәнді емдеу гомеопатияның негізгі қағидасы болып саналады. Себебі жан   емделмей тән ем қабылдамайды! Сондықтан да біз зоб ауруын (басқа да аурулар болсын) емдей аламыз деп сеніммен айта аламыз!

  • Жоғарыда көрсетіп кеткеніміздей гомеопат дәрігер бірнеше мамандарды алмастырады деген сөзің мғынасын кеңінен таныстыра кетсеңіз.

Бұл да гомеопатияның тағы да бір ерекшеліктеріне жатады. Дәстүрлі медицинада: жүректі кардиолог, асқазанды гастроэнтеролог, басты невропатолог (ж\е тағы да басқа мамандарды косса болады) емдесе, гомеопат дәрігер осылардың барлығын алмастырады. Яғни гомеопат адамды жүйелі түрде емдейді. Гомеопатияның қалың жұрттардың сұранысына ие болып жатқаныда сондықтан. Себебі бұл жерде олар уақыттарын да, қаражаттарын да үнемдей отырып, басқа да көптеген дерттерінен айығуларына жол ашады.                                                                                           

- Гомеопатия Қазақстанға қашан келді?

     -Негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап кіріскенбіз. Ал «Қазақстан гомеопатиялық медицина орталығы» 1999 жылы ресми түрде ашылғаннан бері өз ісін жалғастыруда. Гомеопатиялық орталықта талай жылдар бойы Мәскеу қаласында осы салада арнайы білім алған, мамандандырылған жоғарғы санатты дәрігерлерлер қызмет етіп келеді. Оған қоса біздің ем әлде қайда нәтежиелі, әрі арзан болған соң, дәстүрлі медицинадан үміттерін үзіп Республикамызыдың түпкір түпкірінен көмектерін сұрап келетіндері аз емес. Атталған дерттердің нәтижесін көрген адамдардың бойындағы қуаныштарын сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Қазір бұл ғылымды ресми медицина да толық мойындап отыр. Негізінде қоғамымызда ең көп таралған аурулардың бірі зоб, тері, киста  болғандықтан, бұндай кеселдерге шалдығып басында гомеопатияға сенімсіздік танытқан адамдардың өздері жазылып қуанышқа бөленуде.

Түптің түбінде біздің елдегі науқастардың 80 пайызы Америка мен Еуропадағыдай гомеопатиямен емделетін болады.

Сұхбаттасқаныңызға, рахмет!!!

 

 

Другие материалы в этой категории: ГОМЕОПАТИЯ В ЭНДОКРИНОЛОГИИ »