ГОМЕОПАТИЯ ЖАН МЕН ТӘНДІ ЕМДЕЙДІ

         

«Бүкіл фармацевтика табиғатта жатыр, жасанды дәрілерді ойлап-табудың қажеті жоқ»,- деген немістің көрнекті ғалымы, гомеопатияның негізін қалаушысы Самуэль Ганеман. Ол осыдан 200 жыл бұрын химиялық дәрі-дәрмекке қарсы шығып, адамның жаны мен тәнін қоса емдейтін жаңа формасын ойлап тапты. Гомеопатия деп аталатын бұл медицина - қазақтың «уды, у қайтарады», - деген емшілік дәстүріне сүйенеді. Гомео – ұқсайтын, патос - ауруды өзіне тән табиғаттағы баламасымен емдеу. Ал сіз бұрын-соңды адамның мінез-құлқына сай жан мен тәнді бірге қоса емдейтін медицинаны естіппе едіңіз?! Ол – таң ғажайып гомеопатия. Адам бойындағы тынымсыздық, қызғаншақтық, еріншектік, агрессиялық тағы басқа жағымсыз қылықтардан арылуға негізделген бұл медицина сабақ үлгерімі нашар балалардың да оқуға деген құштарлықтарын оятып, талпыныстарын арттырады. Мұндағы шипалы дәрілердің құрамы Меделеевтің бүкіл элементтерімен толыққан. Бүгінгі экологиясы қиын заманда адам денсаулығы үшін гомепатия таптырмас ем екеніне көз жетікізген американдықтар АҚШ-тың Вашингтон штатында гомеопатия ғылымының атасы болған, оның құрметіне Самуэль Ганеманға ескерткіш орнатты. Мәшһүр әлемді өзіне тәнті еткен гомеопатия қазақ жерінде қалай дамуда?- деген сауалмен «Қазақстан гомеопатиялық медицина орталығының» білікті маманы Индира Байжанқызына жолыққан едік.

Сұрақ:  Индира Байжанқызы, медицина ықылым заманнан бері дәстүрлі және халықтық медицина деп екіге бөлінеді. Ал сіз Қазақстанға гомеопатия деген жаңа емдеу әдісін алып келген алғашқы қарлығаштардың бірісіз. Елімізде гомеопатия медицинасы 20 жылға жуық қанат жайғанымен бұқара халықтың әлі де болса, бұл емдеу түрінен хабарсыз болуының себебі неде?  

Гомеопатия, аллопатия сияқты дәстүрлі медицинаға жатады. Оның 200 жылдық тарихы бар. Мұның ғажайып медицина екенін мойындаған Еуропа елдері гомеопатияны үлкен қарқынмен дамытып келеді. Ал біз болсақ кенжелеп қалдық. Жер жаһанға таралған гомеопатия қазақ жеріне де отаршылдық кезінде келген. Большевиктер гомеопатияның негізін түсінбегендіктен, қатаң тыйым салып, қудалауға ұшыратты. Өстіп гомеопатия Кеңестер Одағында 70 жыл артта қалып қойса, Еуропа мен Америкада медицинаның бұл түрі керісінше көшбасшысы ретінде қолданылып келеді. Қазіргі кезде Ұлыбританияның   42% дәрігерлері науқастарды гомеопатқа жібереді. Құдайға шүкір осыны кеш түсінген біздің дәрігерлеріміз аллопатиялық емнен кейін науқастарды гомеопатқа бағыттайтын болды. Ал гомеопатия емінің дәм-тұзын татып, оның қадірін бағалай білген, Махатма Ганди, Мать Тереза, Марк Твен, Тина Тернер, Пол Маккартнилер және Ұлыбритания патшалығының отбасылары ұрпақтан-ұрпаққа емге тек гомепатияны ғана қолданатын болса, Үндістанда 100 миллионнан астам халқы гомеопатиямен емделеді екен. Дәстүрлі медицинадағы қолданылатын синтезделген химиялық қоспалары бар дәрілер көптеген адамдарды шұғыл жағдайларда аман алып қалғандарын біздер жоққа шығармаймыз. Бірақ менің айтайын дегенім, адамдар өз ағзаларын тұрақты түрде тек химиялық дәрілермен емдесе, иммунитеттерін түсіріп,   ауруға қарсы күрес қабілеттерін төмендетіп жібереді. Адам табиғаттың бір бөлшегі. Сондықтан мына жалған дүниеде Алла Тағалам адам баласына табиғатты жаратып, оларға табиғи таза жолдарымен емделулеріне жол ашқан. Адам болған соң оның тәнімен бірге жаны бар екені тағы ақиқат. Демек адам баласын гомеопатиямен емдегенде оның тек тәнін ғана емес, жанын да емдеу қарастырылған. Қазақ: «Жаны саудың тәні сау» - деп бекер айтпаған. Осыдан 2000 жыл бұрын ғұлама Платон: «Дәрігерлердің ең үлкен қателігі сонда - яғни адамдардың денесін емдейтігінде, ал жанын емдеу ұмыт қалған» деп айтқан болса, Үндістанның бұрынғы көшбасшысы Махатма Ганди: «Гомеопатия басқа медицинаға қарағанда, емдеу әсерлігі көп, әрі ең қауіпсіз, ең нәзік, ең арзан және медицинаның толықтырылған ғылымы болып табылады»- деп жоғары баға берген.. Қазақстанда медицинаның осы түрін таңдап, емделіушілер қатары күн артып келеді. Оған қоса медицинаның бұл түріне сонау жиырмасыншы ғасырдың өзінде, 21-ші ғасыр емі деп бағасын да беріп қойған.

- Гомеопатиямен емделу ерекшеліктері мен айырмашылығын айтып берсеңіз?

   Дәстүрлі медицинада толық емделіп шығу үшін әртүрлі мамандықтағы көптеген дәрігерлердің алдынан өтуге тура келеді және олардың әрбірі «өз ауруларын» емдейді. Ал гомеопатияда керісінше ең бірінші кезекте, әрбір науқасқа жеке-жеке жан-жақты көңіл аударылады. Аурудың зардабын емес, салдарын емдей отырып денеңізді бөлшектемей биоэнергетикалық тұлға ретінде кешенді түрде қарастырады. Адам табиғаттың бір бөлшегі болан соң, дәрігер 1,5-2,0 сағат бойы науқаспен отырып, оның өзіндік табиғи дәрісін табуға тырысады. Яғни ағзадағы дертке сол ауруды қоздыратын дәрі береді. Біз адамдарды үш түрге бөлеміз: біріншіден өсімдік іспеттілер – оларға сезімталдық, қозғалғыштық, икемділік, құбылмалылық, әсершілдік, біреудің ығында жүрушілік тән. Екіншісі жануар тектес – оларға нәпсіқұмарлық, мейрімсіздік, ашуланшақтық, қызғаншақтық, үстемшілдік тән. Үшіншіден, минералдар іспеттілер – оларға реттілік, ойлаудың жүйелілігі, нақтылық, білгірлік тән. Ал гомеопатиялық түйіршік дәрілер өсімдіктерден, минералдардан және жануарлар заттарынан құралған. Адам табиғатына сай дұрыс таңдалған бір ғана дәрі, адамның бүкіл ауруына ем болады.

  • Жеке пікірлер кітапшасына көңіл аударатын болсақ гомеопатиямен энурез, зоб, буын, қан қысымы, аллергия ж/е т.б ауруларынан айығып, сіздерге шексіз алғыстарын білдіріп жатқандары бар екен.

Гомеопатия кез-келген ауруларға таптырмайтын емнің бірегейі десе де болады. Жоғарыда аталып кеткен аурулардың көбісі өмір бойы химиялық қоспалары бар дәрілермен емделіп, нәтижесі көңілдерінен шықпаған соң, соңғы амал ретінде біздің алдымызға келеді. Халық даналары «Аурудың бәрі жүйкеден»,- деп айтып кеткен ғой. Бірде қабылдауға Ольга есімді бетінде оғаштау тері жарасы бар жас әйел келді. Ұзақ жылдар медицинаның барлық түрімен емделіпті. Гормоналдық терапия да алған. Әйелмен әңгімелесу барысында тері жарасы екінші рет тұрмысқа шыққан кезінде пайда болғанын білдім. Науқастың бойын бірінші күйеуі опасыздық жасағандықтан, екінші жары да сол зұлымдықты қайталай ма? - деген күдік билеген. Терапевт дәрігер, аурудың ағзада емес, дисгармониядан, қайғырудан болып тұрғанын ажырата алмаған. Ал, менің емімнен кейін Ольга бетіндегі жарасынан құлан таза айыққанын айтып, ризашылығын білдірді. Жалпы алғанда адам ағзасы бір-біріне тікелей бағынышты болғандықтан, аурудың барлық себеп-салдары адамның ойлау жүйесімен тікелей байланысты. Ауру өзінен өзі пайда болмайды. Бұл ағзаға беріліп тұрған жағымсыз ақпарат.  

       Күндегі әдетім бойынша жұмысқа келген кезім болатын, алдымнан жүздері солыңқы, әбден шаршаған ата-ана шықты. Баласының іші өтіп, тоқтамай жатыр екен.Ұзақ уақыт Балалар жұқпалы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыпты. Дәрігерлер, «енді адам болмайды»-, деп үйге шығарып тастаған нәрестелерін көтеріп, үміт артып маған келіпті. Баланы көрейін деп көрпесін ашып қалғанда, жүрегім селк ете қалды. Баланың сүйегі мен терісі ғана қалыпты. Ұзақ жыл тәжірибемде мұндай ауыр жағдайды көрмегендіктен, көрпені қайта жаба салыппын. Емдемей жібере салайын десем, баланы қимаймын. Мен де төрт баланың анасымын ғой. Содан тәуекелге бел байлап,   Шаретт деген атақты француз гомеопатының кітабын оқып отырып, «іші қатты өтіп, тоқтамаған балаларды осындай гомепатиялық дәрі беру арқылы өлімнен алып қалдым»,- деп жазған дәрісін ала салып, жаңағы қу сүйек болып жатқан балаға бердім. Сіздерге өтірік, маған шын бір аптадан кейін бала салмақ қосып, жүгіріп ойнап кетті. Біз көп нәрсеге кепілдік бере алмаймыз дегенімізбен, осындай ғажайып емдердің шипасын көргенде гомеопатия медицинасына өзіміз іштей таң қаламыз. Адамдардың барлығы біздің қолымыздан   ем алып, осындай қуанышқа бөленіп жатса, біздерге одан асқан сыйлық жоқ.