ЗОБ АУРУЫНДАҒЫ ГОМЕОПАТИЯМЕН ЕМДЕЛУ КЕРЕМЕТІ

                Осыдан 200 жыл бұрын гомеопатияның негізін қалаушысы Ганеман: «Мен гомеопатиядан алған әсерімді жер бетіндегі ешбір нәрсеге айырбастамас едім» - деген. Міне ұлы ғұламаның гомеопатия ғылымына деген берген бағасы осындай.

Шалдыққан аруларынан жазыла алмай күдер үзе бастаған адамдардың, шипа алуларына мүмкіндік берген, бұндай кеселдерден жазылып кетуінің кілтін таба білген «Қазақстан гомеопатиялық медицина орталығының» білікті маманы, гомеопатия саласындағы кең танымал дәрігер Индира Байжанқызы Белесова бұл туралы былай дейді:  

 

     Зоб (қалқанша без) мойынның алдыңғы бөлігінде орналасқан, қоғамымыздағы ең көп таралған аурулардың бірі. Оның сыртқы көрінісі қанатын жайған көбелекке ұқсайтын, салмағы бар-жоғы — 25 граммнан ғана тұратын, ағзадағы кішкентай мүшелердің бірі. Бұл «көбелекке» уақытында көңіл бөліп тұрмасаңыз, қалқанша бездің қызметі бұзылып, қандағы жетіспейтін гормондарының азаюы салдарынан көптеген ауруларға душар болатынынын сіздер жақсы білесіздер.

Біздерді ұзақ жылдар бойы мүшеміздің бірін емдесе, басқа біріне зиянын тигізетін синтезделген дәрілік препараттармен емдеп келгенін білеміз.

Аурудың осы түріне шалдығып, жазыла алмай, үміттерін үзіп жатқандары қаншама. Мамандар да зобты жазылмайтын ауру деген негізде. Жоқ олай емес.

Бұндай кеселден шығудың негізгі жолы болып саналатын, бүкіл әлемдегі медициналық тәжрибеде, таптырмас, әрі ең қуатты емдердің бірі гомеопатия медицинасы.

Гомеопатия дегеніміз – ұқсасты ұқсаспен емдеу деген мағынаны білдіреді. Негізінде медицинаның екі түрі болады, аллопатия және гомеопатия. Дәстүрлі медицинадағы аллаопатия мен гомеопатияның айырмашылығын салыстырып көретін болсақ, аллопатияда ағзадағы белгілі бір ауруды ғана нысанаға алып, дозасы күшті дәрілермен тек сол аурулардың ошақтарын ғана жоюға тырысса, гомеопатияда адамды бүтін биоэнергетикалық жүйе ретінде танып, оның бүкіл жүйке психикасына, жан дүниесіне, сырқатының ерекшелігіне қарай ем жасайды. Біз ауру ошағын жеке қарап емдемейміз, оның шығу себебіне үңілеміз. Нақтырақ айтар болсақ дәстүрлі медицинада тері ауруын – дерматолог, зобты-эндокринолог, басты - невропатолг, құлақты - лор, асқазанды - гастроэнторолог, жүректі - кардиолог қараса, гомеопат дәрігер осы мамандардың барлығын алмастырумен және жүйелі түрде ем жүргізіп басқа да ауруларыңыздан айығып кетулеріңізге жол ашады. Медицинаның бұл түрімен емделудің тиімділігі осында, әрі уақытыңызды да үнемдей аласыз.

Гомеопатия емі бүкіл әлемдегі, ең зиянсыз, әрі ең нәзік емдеу жүйесі болып саналады. Шетелдерде гомеопатиямен емделу жүйесі жүздеген жылдар бойы қалыптасқанымен, біздің елде медицинаның бұл түрі тәуелсіздік алған күннен бастап қана жаңғыра бастады. Сондықтан бұндай медицинаның жаңа түрін көпшілік халық жақсы біле қоймағанмен, соңғы кездері адамдар тарапынан   гомеопатияға деген сұраныстары күшейе түсуде. Бұл адамның жаны мен тәнін бірдей емдейтін дүние жүзіндегі медицина саласындағы жалғыз ғылым. Кезінде бұл туралы Платон: «Дәрігерлердің ең үлкен қателігі сонда, яғни адамның тәнін емдейтіндігінде. Жанын емдеу ұмыт қалған. Бұл екеуін екі бөлек қарауға болмайды» - деп осыдан екі мың жыл бұрын айтып кеткен еді. Біздің бұл ақиқат сөзіне алып қосарымыз жоқ. Гомеопатия жан мен тәнді біртұтас емдейтін болғандықтан, зоб болсын, тері аурулары болсын гомеопат дәрігердің ең бірінші мақсаты науқас адамның өзіндік мінезіне, табиғатына сай дәрісін табу! Себебі жан емделмей тән ем қабылдамайды.

Біз жалпы гомеопатияда адамдарды үш түрге бөлеміз: біріншіден өсімдік іспеттілер, жануарлар іспеттілер және минералдар іспеттілер. Кез-келген адам табиғаттың құрамдас бір бөлігі болған соң, әрбір адам қоршаған ортадағы заттарға ұқсас болады. Сондықтан гомеопатиялық түйіршік дәрілердің 70% өсімдіктен, қалғаны минерал және жануарлар заттарынан құралады. Гомеопатиялық препараттардың қуаттылығы соншалық, олар иммундық жүйені күшейтіп, адам ағзасының аурумен күресуге деген мүмкіндігін молайтады. Осы түйіршектердің химиялық дәрілерден қарағанда емдік қасиеттері әлдеқайда мол.

Біздің тәжрибемізде зоб ауруларына шалдыққан адамдар гомеопатия әдісімен емделуінің арқасында, біржолата шипа алып қуанышқа бөленіп. Жасыратыны жоқ, бұл біздің мақтан ететін жетістігіміз.

 Сондықтан гомеопатиядағы ең маңызды нәрсе әрбір ауруды жеке емдеу, оның жаны мен тәніне терапиялық әсер ету. Яғни ағзадағы сыр бере бастаған барлық ауруларды кешенді түрде емдеу мәселесі қойылады. Қазір бұл ғылымды ресми медицина да толық мойындап отыр.

Кез-келген адам табиғаттың құрамдас бір бөлігі болған соң, әрбір адам өзін қоршаған ортадағы заттарға ұқсас болады. Біз жалпы гомеопатияда адамдарды үш түрге бөлеміз: біріншіден өсімдік іспеттілер, жануарлар іспеттілер және минералдар іспеттілер. Гомеопатиялық түйіршік дәрілердің 70% өсімдіктен, қалғаны минерал және жануарлар заттарынан құралады. Гомеопатиялық препараттардың қуаттылығы соншалық олар иммундық жүйені күшейтіп, адам ағзасының аурумен күресуге деген мүмкіндігін молайтады. Осы түйіршектердің химиялық дәрілерден қарағанда емдік қасиеттері әлдеқайда мол. Гомеопатия тән ауруларын ғана емдеп қоймай, жанды да тыныштандырады.

Біздің тәжрибемізде зоб ауруларына шалдыққан адамдар гомеопатия әдісімен емделуінің арқасында, тамаша нәтиже алып, біржола шипа алып кеткендері де жоқ емес. Жасыратыны жоқ, бұл біздің мақтан ететін жетістігіміз.

Түптің түбінде біздің елде Америка мен Еуропадағыдай 80 пайызы гомеопатиямен емделетін болады. Сөзімізді қорытындылай келе кез-келгеніміз үшін ең басты ем – имандылық, жүректің тыныштығы, жан-жағымызға түзу қарау.