Менің экзема дертінен жазылған тарихым

 Мен Жамантаева Гаухар, 1981ж. Осыдан 2 жыл бұрын экзема деген дертке шалдықтым. Кож ― вен. диспансерлерде, Алматы қаласы бойынша Медициналық орталықтарда емделдім. Ешбір нәтиже болмады. кейде өз өзіме қол салғым келіп кететін қатты қиналғандығымнан.Көршімнен осы Гомеопатиялық орталық жайлы ақпарат естіп келдім. Гомепатиямен емделуге біраз уақыт керек. Сабырмен гомеопат дәрігер берген дәрілерді үзбей қабылдасаңыз жазыласыз. 4 балама не тамақ жасай алмай, не ыдыс жуа алмай, не өзім жуына алмай аяқ ― қолыма іріңді жаралар қаптап кетті. қатты қышығандықтан түнде ұйықтай алмайтынмын. Тек Қана супрастин уколын салып барып арең ұйықтайтын едим. Содан Осы Гомеопатиялық медициналық орталығына Белесова Индира Байжановна дәрігеріне емделуге келдім. Берген гомеопатиялық дәрілерді үзбей қабылдадым. 2-2,5 ай дегенде толықтай жазылдым. Құлаң таза айықтым. Содан кейін аяғым ауыр болып, дені сап сау кызымды босанып алдым. Менің сөзіме сеніңіздер. Гомеопатиялық медициналық орталығына келіп емделіңіздер. Шексіз алғысымды Иса Әсемгүл Оразбекқызына және менің емделген дәрігерім Белесова Индира Байжанқызына білдіргім келеді. Қазіргі таңда менің бүкіл отбасым, жолдасым да осы гомеопатиямен ғана емделеді.

Другие материалы в этой категории: « Энурез Нейродермит »