Оставить отзыв

Ваше имя(*)
Неверный ввод

Ваш отзыв(*)
Неверный ввод

Понедельник, 09 января 2017 10:48

Шынар

Менің атым Шынар.

Жасым қазір 60-та. Осыдан бір жарым жылдай уақыт бұрын бір тойдан кейін үстімде қызыл дақтар пайда болды. Басында қышыған жок, бірақ біраз уақыт өткен соң дуылдап қыши бастады. Жергілікті жердегі дәрігерлер «крапивница» деп диагноз қойды. Олардың берген емдерінен ешқандай пайда болмады, үдей түсті. Түнде дұрыс ұйықтай алмадым. Әуелі Шымкент қаласындағы «Дау мед» клиникасында тексеріліп, емделдім. Қызылорда қаласындағы диагностикалық орталықта тексеріліп, ақылы көптеген анализ тапсырдым, олар да себебін таба алмады. 2016 жылдың март айында Ақтөбе қаласында Ж.Д. больницаның аллергиялық бөлімшесінде емделдім. Бес күннен кейін қайта шығып кетті. Үнемі дәрі ішіп жүрдім.

Осы жылдың қараша айында А.С. Асфендияров атындағы клиникада ақылы жатып емделдім. Онда қан қысымым түсіп кетіп, құлап қалған жағдайлар да болды.

Содан бір таныстар арқылы осы гомеопатиялық медицина орталығына келіп Бахар деген дәрігерден ем ала бастадым. Алғаш иммунитетті көтеретін, нерв жүйесін тыныштандыратын витамин, сұйық дәрілер берді. Қазір осында жатып ине салып, ем алып жатырмын. Бұрынғыдан әлдеқайда жақсы болып қалдым. Ұйқым тынышталып, денеме шығатын қызыл бөртпелер де азайған сияқты. Әлі де үйге берген шөп дәрілерін ішіп болған соң келіп, емді жалғастырмақпын. Осында қызмет жасап жатқан барлық қызметкерлерге, Бахарға айтар алғысым шексіз. Мен өзім Қызылорда облысы, Аралдан келдім.