Гинекология ең күрделі мәселе. Әсіресе, қазақ әйелдері дәрігерге уақытылы қаралу, кеңес алу дегенді біле бермейді. Сол себепті олардың арасында мастопатия, миома, киста, зоб және тағы басқа дерттердің асқынған түрі көптеп кездеседі. Бұған әйелдер көбінесе дайын болмай шығады да, психологиялық стресс алады. Олардың көңіл- күйі ауытқи бастайды. Жақындарына қалай айтарын білмейді, күйеулері түсіністікпен қарай ма қарамай ма ол да белгісіз. Осы ретте гомеопатия саласы қалай көмектесе алады деген сауалға, елімізге белгілі "Қазақстан гомеопатиялық медицина орталығының" гомеопат дәрігерлері Алламбергенова Гүлістан Исақызы және Белесова Индира Байжанқызынан жауап алдық:
- - Жалпы әйелдер ағзасын, тұрмыс құрсын не құрмасын жасы қырықтан асқаннан кейін түрлі аурулар иектеп алады. Сол орайда көбінесе олар дәстүрлі медицинаға жүгінеді де оның кейбір салдары, омырауын кестіртіп, жатырын алдыртып, ауыр операция жасатуға мәжбүр болады. Ол дұрыс емес. Кезінде қазақ халқы әйел аналарымызды операциясыз ақ емдегенін тарихтан белгілі. Менің түсінгенім, халқымыздың медицинасы гомеопатияға негізделгендей. Бірақ оған ғылыми теңеу беріп, жарияға жар салмаған. Мұны екі жүз жыл бұрын өмір сүрген неміс ғалымы Самуил Ганнеман ғылымға енгізді. Алғашында дүйім жұртты ол тырысқақ ауруынан жаза бастады, сөйтіп біразын ажалдан алып қалды. Қазақи ем патшалық ресейдің тұсында тұншықтырылып, орнына батыстың химиялық дәрілері алып келінді. Содықтан гомеопатия халық емі деп айтқым келеді.
- Гүлістан Исақызы, сіздің ойыңызша, дәстүрлі медицинаның салдары ауыр, сондықтан оның баламасы ретінде гомеопатияны пайдаланған дұрыс қой?
- Әлбетте, операция ең соңғы амал. Ол тек аурудың салдарын ғана емдейді. Бірақ күндердің күнінде басқа жерден зиян келтіруі мүмкін. Мәселен, миоманы операциямен алып тастасақ, оның ошағы ағзамен жоғары қарай бойлап, алқымнан ісік болып шығуы мүмкін. Ал алқымдағы ісікті алып тастасақ ол миға қарай бет алады. Сол себепті, бірінен екіншісіне ауысып әйелдерді әбден әбігерлікке салады. Олай бола берсе, Қазақстандағы әйелдердің бір-бір мүшесі кем болатын жағдайға тап боламыз. Операция жасалмаған күннің өзінде әйелдердің 30-40 пайызы ана болу қабілетінен айырылады. Бұл дегеніміз қазақтың болашағына балта шабумен тең деген сөз. Сондықтан, мұндай келеңсіз тәсілді тоқтату керек. Гомеопатия осы ретте дәріні дұрыс таңдап алған жағдайда, керемет шипа береді.
- Гомеоптияның емдеу әдісін және оның тиімді әрі пайдалылығын айтып берсеңіз?
- Көптеген әйелдер ағзадағы бір ғана түйіткіл гормональдық тепе-теңдікті түзеу үшін бір мезгілде көптеген дәрігерлерге, яғни эндокринологқа, маммологқа, гинекологқа қаралуға мәжбүр болады. Ол қанша уақытты,қыруар күш пен қаржыны талап етеді. Ал, гомеопатияда бір ғана дәрігер осы дисбаланстың нәтижесінде пайда болған ауруды еш қиындықсыз арнайы тәсілменен емдеп, жазады. Біз әрбір сырқат әйелге жеке дара көңіл бөлеміз. Себебі, біздің мақсатымыз ауру адамның өзіндік мінезіне,табиғатына сай дәрісін табу. Мысалға, бізге миома ауруымен қаралуға келген жиырма бес әйел болса, олардың мінез-құлық ерекшелігіне байланысты, жиырма бесіне жиырма бес түрлі дәрі таңдап береміз.
- Сіздер мінез-құлықты, сырқаттың диагнозын қалай анықтайсыздар?
- Алматы қаласында біздің екі орталығымыз жұмыс істейді және мықты гомеопат дәрігерлеріміз қызмет жасайды. Екі орталықта да пульсогемоиндикациялық ақпараттық-бағдарламалық құрылғы бар. Бұл құрылғы медицина саласындағы Ресейде "2005 жылдың ең үздік технологиясы" атағын жеңіп алып, алтын медальмен марапатталды. Соның көмегі арқылы науқасты бір қабылдаудың өзінде 200-300-ге дейінгі анализдің нәтижесін анықтай алады. Аты айтып тұрғандай бес саусаққа кигізіліп тамыр соғысы арқылы бізге ақпарат береді. Кейбір ғалымдар оны "кіші емхана" деп те атайды. Бүгінде пульсогемоиндикция ең танымал құрылғыға айналды. Оның көмегімен дұрыс диагноз қоя отырып, арнайы ішіндегі бағдарлама арқылы, дертті нақты емдейтін дәріні таңдап ала аламыз. Алматы қаласында пульсогемоиндикациялық тексерілу 30-40 мың теңге болса, біздің орталықта 8 мың теңге. Бұл дегеніңіз үлкен жеңілдік. Сонымен қатар ол гомеопатиялық терапияның тез дамып жатқан әдісінің бірі.Қазіргі уақытта біз гомеопатияның дамуы жағынан ТМД көлемінде Ресейден кейінгі екінші орында келе жатырмыз.
- Индира Байжанқызынан, бүгінде кең етек жайған әйел қауымын мазалайтын аурулардың бірі климакс пен бедеулік аурулары. Осыған орай гомеопатиялық емдеу әдісінің қуаты қандай?
- Гомеопатия көптеген аурулардың емі болып табылады. Оның себебі науқастарға беретін дәрілердің кереметінде. Олар ақ түйіршіктер, көлемі өте кішкентай болғанымен, беретін әсері өте зор. Себебі, сондай өте күрделі ауруларға шипа болып жатады. Біздің тәжірибемізде зоб, киста, миома, тері, бедеулік, климакс, ұйқысыздық, бастың сақинасы, невроз, мастопатия(омырау ісігі), жатыр эрозиясы ауруларына шалдыққан адамдар гомеопатия әдісімен емделуінің арқасында, біржолата сауығып келеді. Бұл біздің мақтан ететін жетістігіміз деген сөз.
- Бұл гомеопатиялық дәрілердің құрамында не бар? Ағзаға зиянды жақтары жоқ па?
- Біз ұзақ жылдар бойы дене мүшелеріміздің бірін емдесе, басқа біріне зиянын тигізетін синтезделген антибиотик препараттарымен емделіп келдік. Бүгінде гомеопатия әлемдегі ең зияны жоқ медицина деген атаққа ие! Дәрілерінің құрамында табиғи минералдар, өсімдіктер, жан-жануарлардан алынған заттар бар. Яғни химиялық-синтетикалық қоспа жоқ. Бізге келген әрбір науқас сауығып, алғысын айтып, дән риза болып жатады. Егер денсаулығыңыз мазалап сыр беріп жүрсе, төмендегі мекен-жайға хабарлассаңыз болады. Бізде кеңес алу тегін. Кез-келген сұраққа жауап беруге дайынбыз.