ЖҮЙКЕҢІЗ ТОЗСА....

Ғасырлар бойы әлемнің көптеген ғалымдары осы   аурудың   шығу төркінін анықтап, оның емдеу тәсілдерін іздеумен бас қатырып келгені шындық. Бұл жерде барлық нәрсе адамның ішкі мәдениетінде орын алған нәрсенің ішкі мәнін терең түсінуге байланысты болмақ. Өйткені, ауру – белгі, ол сырқаттың өзі емес. Сол аурудың хабаршысымен күресе отырып, біз тек SOS белгісін тоқтатамыз, ал ауру болса апанына кіріп ұйқыға еткен аю құсап уақытша тыныш табады. Бір күні күтпеген жерден қайтадан тап берсе таң қалмаңыз. Мұндай кеселдің алдын алып, ауыздықтайтын жолы бар ма? Ия бар! Ол – гомеопатия емі!

Гомеопатия ғылымы туралы «Қазақстан гомеопатиялық медицина орталығының» директоры, бас-дәрігер, халықаралық гомеопаттар лигасының мүшесі, елімізге белгілі жоғарғы санатты гомеопат Иса Әсемгүл Оразбекқызы былай деп   түсіндіреді:

Бүкіл әлемдегі медициналық тәжірибеде гомеопатия тәрізді, әрі тиімді, әрі зиянсыз емдеу   жүйесі   жоқ екені   белгілі болды. Біз ұзақ уақыт   бойы мүшеміздің бірін емдесе, бірін майп қылатын   синтезделген дәрілік препараттардың   қоспасына сеніп келдік. Енді міне негізінен өсімдіктер мен минералдардан дайындалатын таза, әрі дозасы өте аз   гомеопатиялық препараттарды қолдайтын уақыт та   жетті. Гомеопатия   дегеніміз   «ауруды сол аурудың қоздырғышымен емдеу» дегенге жақынырақ келеді. Немесе «уды у қайтарады» деген мағынаны білдіреді. Бүгінгі күні   аса   қарқынды  даму үстіндегі қуатты емдеу   тәсілі, медицинаның болашағы. Оның құндылығы сонда, адамға ешқандай зияны   жоқ, шипалы,   қуаты орасан.

Бұл ілімнің басты қағидасы – алдымен науқастың ауруының қыр-сырына, жан дүниесіне көбірек зерттеу жүргізу. Кез-келген дәрігер науқас адамның тәнін ғана емдеп қоймай, жанын да емдеуге көбірек көңіл бөледі. Себебі жан емделмей тән ем қабылдамайды!

Гомеопатия - жүйке ауруларын, солардың ішінде невроз, психоз ж/е т.б секілді дерттерінен түпкілікті құлан-таза айығып кетуіне мүмкіндік береді. Кез келген адам сияқты кез-келген жүйке ауруы бірегей боп табылады және кез-келген адам сияқты ол да өзінің жеке дәрісін қажет етеді. Дәл солай болғандықтан гомеопатия   жүйке ауруының тамырын емдей отырып, бірінші кезекте адамға шипа дарытады Адамнан, оның дене мүшелерінен, мінез-құлқы мен сезім күйлерінен, тіршілік жағдайынан бөлек тұратын жүйке ауруы болмайды. Емнің сәтті шығуы үшін гомеопат-дәрігер науқастың жеке өзінің және жүйке ауруының ерекшеліктеріне үңіледі, сол арқылы оның жеке өзіне тиесілі конституцияның дәрісін анықтайды. Гомеопатия емінің табиғи тазалығында - ешқандай химиялық қоспалары жоқ.   Кез-келген аурулардың - кілті, сауығып кетуіне жол ашушы, жан мен   тәнді бірге қарап емдейтін ғылым. Сондықтан біз, бір адаммен бір жарым, екі, кейде төрт сағатқа дейін отырып, олардың бұл өмірдегі   өмірбаянын, бастан кешкен оқиғаларын да сұрап, мінез-құлықтарын біліп, оның қандай табиғатқа жататынын анықтап, жалпы айтқанда ішіндегі бар құпия сырларын «қопарып» алғаннан кейін, нақты өзінің дәрісін таңдап береміз. Адам құрылысының өзі бір ғажап жаратылыс. Ішкі жан-дүниесінің өзі, өзінше бір бөлек ғарыш, табиғатпен өте тығыз байланыста. Сондықтан да гомеопатия адам жаратылысын табиғатта бар төрт түрге бөліп қарастырады. Олар - өсімдіктер, жан-жануарлар, металдар және минералдар әлемі. Кез келген адам осы жаратылыстың біріне кіреді. Гомеопатиялық дәрілер де осы жаратылыстың төрт түрінен алынады. Алдымен сырқат адамның табиғи қасиетіне   байланысты жеке дәрісі, яғни, конституциялық дәрісі анықталады. Содан соң емдеу процесі жүреді. Адамның жан дүниесімен сабақтасып жатқан әлемді дәл табу, гомеопат үшін үлкен   жетістік. Тұжырымдай келетін болсақ, денсаулықтың   кілті   табиғи   заттарда.

Аталған ауруларды емдеуге гомеопатияны қолдану, кейде тіпті күткендейден артық нәтежиеге жеткізетіні таңқалдырмай қоймайды. Гомеопаттар дәстүрлі медицинаның дәрігерлері сияқты өте қымбат тұратын, әрі күрделі, әрі қиын, әрі әрдайым нәтежиелі де бола   бермейтін «жетістіктеріне» сүйсініс білдіре қоймайды. Жүйке ауруларын жүйелі түрде емдеу – міне, қазіргі неврапатологияға жетіспейтін нағыз емдеу тәсілі. Невропатологтар жүйке, бас ауруларының емдеудің   тиімді   кілтін   таба алған жоқ.

Ал біз бұл салада әлдеқайда жақсы нәтижелерге жетудеміз, сол себепті де   гомеопатияға қызығушылық   танытатын   дәрігерлер мен науқастардың саны жыл санап артуда.

Адам ағзасындағы бұл дерт, қазіргі таңда өте кең таралған аурулардың бірі. Ол қан   тамырларының зақымдануымен байланысты боп келеді, кейде тіпі сәл нәзік, білінбейтін   зақымның   невроз, психоз, сияқты   ауыр кеселдеріне ұшыратуы   кәдік.

Қазіргі дәстүрлі медицинада кез келген ауруларды   емдеуге арналған   синтезделген дәрілер өте көп, әрі оның саны жыл сайын арта түсуде. Алайда өкінішке қарай, ол дәрілердің ешқайсысы да жетілдірілмеген. Мұндай дәрілерді бірнеше жыл қатарынан пайдалану нәтижесінде организмнің басқа мүшелеріне кері әсер тигізетіндігі белгілі болып отыр және оның үстінде қан-қысымын ұдайы   қалыпты   жағдайда ұстап   отыру үшін жұмсалатын ақша көп жағдайда шамадан асып түседі де, сөйтіп адам өз ағзасын химикаттар қоймасына қалай айналдырып жібергендерін де байқамай қалады, ал көп жағдайларда гормоналтық дәрілерге тәуелді болып қалулары да ғажап емес.

Гомеопатия – жоғарыда айтып кеткеніміздей тек, жүйке бас ауруларына ғана емес, адам ағзасындағы барлық ауруларға да осындай жүйені   қолданады. Гомеопатия тәсілімен бізге белгілі барлық ауруларды емдеп жазуға болады. Гомеопатиялық дәрілердің ерекшеліктері мынада: аурудың ұясы қайда болса да, ол өкпеде ме, әлде тамақта ма, бүйректе ме, буындарда ма, ол үшін бәрібір. Гомеопатиялық дәрілерде жиналған мағлұматтар кез келген аурулы мүшеге еркін еніп, олардың қабынуын тоқтатады, ондағы зиянды қалдықтар мен тұздарды сыртқа шығарады. Біздің тәжрибемізде тері ауруларына   жататын, псориаз, экзема, диатез сияқты дерттерінен айығып кеткен адамдар да бар. Бұл   біз   үшін әрине мақтаныш! Сондықтан да гомеопатиялық дәрілермен ем алатын   болса, бас, жүйке ауруларынан ауыртпалық арылуымен бірге кез-келген ауруларына себепші   болатын зардаптардан құтылады, әрі жүйкесі орнығып, жүрегі тынышталады.

 

 

 

Другие материалы в этой категории: « Лечение депрессии в гомеопатии Депрессия »