Белсіздіктен құтылу жолы(простатит)

       Созылмалы простатит ауруы ерлер арасында ең көп таралған. Әрқилы мәліметтерге қарағанда, бұл аурумен жасы жиырма бестен асқан еркектердің жиырма пайыздан астамы аурады екен, оның үстіне, бұл дерттің өршу үстінде екенін есте   ұстаңыз. Ерте қам жасап, аурудың асқынбай тұрған кезінде емделу – адамды белсіздіктен, ұрпақсыз қалудан және хирургтің   пыщағына ілінуден   сақтап қалады. Простатитпен ұзақ уақыт аурудың зардабы аз болмайды, жыныс безін тканьдері мен зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылады. Бел құяңы (радикулит), жыныс әлсіздігі де осыдан келіп шығады. Жыныс безінің тамырлар жүйесі өте күрделі. Ол тоқ ішектегі, үлкен және кіші дәрет жолдарындағы, ішектердегі   артерия және вена тамырларымен байланысады. Белдің төменгі бөлігінде қан ең көп   жиналатын орын да сол. Тыныштық жағдайында   қанның   елу пайыз мөлшері осы безде болады, ал жыныстық қозу кезінде оның мөлшері   сексен пайызға дейін артады. Қимыл-қозғалыстың аз болуынан, жыныс безі жүйелерінде қан айналымы   нашарлап, тамырлар тарыла бастайды. Міне, осылайша белсіздік пайда болып,   ежелгі грек емшілері айтып кеткен «Жыныс безі – еркектің   екінші   жүрегі» деген пәлсапаның дұрыстығы айқындалады. Гомеопатиялық препараттар зәр шығару жолдарының созылмалы кеселдерін емдеуде нәтижелі, тіпті, бұрыннан түрлі антибиотиктермен емделіп, шипа қонбаған ауруларды да жазып жібереді. Антибиотиктермен   салыстырғанда гомеопатиялық   дәрілердің ерекшелігі - олардың зардабы болмайды, жеңіл әсер етеді, бірақ, емдік қуаты өте күшті. Гомеопатияның негізгі   қағидасы – «уды у қайтарады». Оның үстіне, әрбір науқас үшін ең   тиымды   гомеопатиялық   дәріні   таңдауда сол науқастың   арыз-шағымы ғана емес, оның конституциясы, мінез-құлқы, қимыл-қозғалысы да, сол сияқты рухани жәй-күйі де ескеріледі. Гомеопатиялық емдеу операциядан кейінгі кезеңде де жүзеге асырыла беріледі. Гомеопатиялық дәрілер жан қинайтын аурудың зардабын басады, зәр шығару жолдарының бұзылуы мен жыныс әлсіздігін тойтарады, олардың пайда болу себептерін жояды. Емдеу мерзімі әдетте бірнеше айға солылуы мүмкін. Сондай- ақ, алдын-ала сақтану   мақсатында   гомеопатиялық препараттарды жылдар бойы үздіксіз пайдалана беруге де болды, бұл, әсіресе, қимыл-қозғалысы аз, негізінен отырып жұмыс істейтін   еркектерге қатысты. Гомеопатиялық дәрілерді тағайындау – аурудың жай-күйі мен ерекшелігіне байланысты. Мысалы, простатиттің ауыр   түріне   қолданылатын дәріні   бұл аурудың   одан   жеңілдеу түріне немесе   қатерлі емес   гипертрофиялық ісікке қарсы беруге   болмайды. «Еркектің екінші жүрегін»   емдеудің әрбір   жағдайында әр науқасқа   жеке көңіл бөлінуі,   терең зерттеулі   қажет.

Еркектердің белсіздігін   емдеуде гомеопатия   нәтижелі ме?

Жыныс қызметінің   бұзылуының негізгі себептеріне   әртүрлі   созылмалы аурулар мен өмір сүру салты   жатады. Осы күні   отандық   саудаға   шығарылып жатқан фармацевтік дәрі-дәрмектер еркектердің әлсіздігін жеңілдетуге септігін тигізетіні рас,   бірақ,   бұл клеткалар қыметінің бұзылуына, әрқилы зиянды   жағдайларға жеткізуі мүмкін. Ал гомеопатия болса, жыныс безі қызметінің бұзылуын қалпына келтіріп   қана   қоймайды, сонымен бірге, ол оның шығу, себебіне де әсер етеді, әрі уақытынша ғана дем бермейді, түпкілікті емдеп шығарады. Миға әсер ету арқылы өзіне өзі сенімсіздікпен қараудан, бұйығылықтан және қорқыныш сезімінен айықтырады.

Гомеопатия - медицинаның   болашағы, қуатты емдеу тәсілі.   Бұл тәсілмен басқа да   барлық   ауру   түрлерін емдеуге болады.   Әсіресе, созылмалы ауруларды   емдеуде жақсы нәтижелерге қол   жетуде. Олардың қатарына жүрек, бас, қан тасуы, бауыр, бүйрек, өт жолы, асқазан, ішек   тамақтың ісік безі (зоб), құқлақ, мұрын, әлсіздік, бедеулік, әйел аурулары, жүйке, тері, буын аурулары, басқа да аурулар жатады.

Оның үстіне,   аурудың көбі әрқилы жағдайдан, ашу шақырудан, не жүйке жұқаруынан   пайда болады, сондай да адам не психиатрға, не терапевтке жүгінерін білмейді. Ал гомеопатия болса, адамның психиологиясын да, денесін де біріктіріп қарайтын аралық көпір.

Науқастарды   өз істерінің кәнігі шеберлері, мәскеу мен Үндістан гомеопатия мектептерінде тәлім алып, маманданған білікті дәрігерлер қабылдайды.

 

 

Другие материалы в этой категории: Простатит, лечение гомеопатией »