Гомеопатия ата-анаға сүйініш!

Гомеопатия ата-ана мен балаларға сүйініш!                                      

Гомеопатия қазіргі таңда аллопатияға бірден бір бақталас медицина саласы.Ол ауруды емдеу тәсілінің ең жеңідетілген түрі. Оның ерекшелігі адамға еш зиянсыз  әрі тез нәтиже беретіндігінде. Сонымен қатар әрбір науқасқа психологиялық ерекшелігіне байланысты жеке жағдай  жасайды.  

Елімізге жақсы таныла бастаған, нәтижесі таңдай қақтыратын медицинаның жаңа саласының қыр-сырына қатысты құнды ақпараттарды алу үшін  Алматы гомеопатиялық медицина орталығының  гомеопат дәрігерлері Индира Байжанқызы Белесоваға және Алламбергенова Гүлістан Исақызына  жолыққан едік:

- Индира Байжанқызы, әрбір отбасының байлығы балалар екені белгілі. Ал бүгінде балалар  арасында жиі кездесетін қауіпті  аурулар жайында атап өтсеңіз?

- Балалар арасында кең тараған аурулар өкпенің қабынуы (пневмония), баспа (ангина), шыжың(энурез),  демікпе (астма), сосын тұмау қыс мезгілінде көбейіп кетеді. Ал әдетте  ата-аналар бала ауырады деп ойламайды ғой. Бірақ бала деген  үп еткен желден тұмауратып, оның арты өкпе қабынуына апаруы жиі кездеседі. Сондықтан ата-аналар  балаларын білікті дәрігерге қаратып, дәрілердің сәби ағзасына шипалы әрі зиянсыз болғанын қалайды. Тұмаумен педиатрға, асқазан ауруымен гастроэнтерологқа, бас ауруымен невропатологқа  барып, көп мөлшерде  дәрі-дәрмектер алғанды, ине шаншытқанды  қаламайды. Берілген емнің балаға ауыр тимейтін, дәрілердің ащы болмай, тәтті болғанын, құрамында синтетикалық химиялық қоспалардың болмауын, тек табиғи минералдардан, өсімдіктерден жасалған зиянсыз болғанын   қалайды. Себебі, дәрілердің  аллергия, улану сияқты теріс салдары қандай дегендей қиындықтары да бар.

- Ал мұндайда Гомеопатияның емі қандай?

- Гомеопатияның артықшылығы да осында. Себебі ол жоғарыда айтылған  ата-аналардың барлық талаптарына тұп-тура сай келеді. Яғни біз  балаға жеке дара  жан-жақты көңіл бөлеміз. Аурудың түпкі себебін табамыз.Және де баламен бір ғана дәрігер айналысады. Табиғи минералдардан, шөптерден  жасалған  дозасы аз, ағзаға еш зияны жоқ  дәрімен емдеп, науқасты бүкіл ауруынан  емдеп жазуға  болады.

- Науқастың сырқатын  қалай анықтайсыз?

  • Саусақ ұштары арқылы Пульсогемоиндикация деген құралмен ағзадағы ауруларды анықтауға болады. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің арнайы индикаторлары саусақтардың ұшына кигізіліп, тамырдың соғысы арқылы бір қабылдауда науқас бойынан 200-300-ге дейін кесел диагнозын анықтайды. Бүгінде пульсогемоиндикция ең танымал құрылғыға айналды.Оның көмегімен дұрыс диагноз қоя отырып, Ресей мемлекетінің мықты ғалымдары жасап шығарған бағдарлама арқылы дертті нақты емдейтін дәріні таңдап ала аламыз.Ол дәрі әр баланың мінез құлқына байланысты таңдалады. Бұл ақпараттық-бағдарламалық кешенді Ресей мемлекетінен арнайы тапсырыспен алдыртқанбыз.Сонымен қатар ол гомеопатиялық терапияның тез дамып жатқан әдісінің бірі. Қазіргі уақытта біз гомеопатияның дамуы жағынан ТМД көлемінде Ресейден кейінгі екінші орында келе жатырмыз. Алматы қаласындағы орталықтарда пульсогемоиндикациялық тексерілу 30-40 мың теңге болса, біздің орталықта 8 мың теңге. Бұл дегеніңіз үлкен жеңілдік.

 

- Гүлістан Исақызысіздерде  емделген науқастардың, әсіресе балалар  арасында ауруынан толық емделетіндер қанша?

- Аллаға шүкір, көптеген өкпе қабынуымен, демікпемен келген  балалардың дені  толығымен емделіп шықты. Ата-аналардың алғысы шексіз. Алла тағала аурумен бірге емін де жаратқан ғой. Соны тек дәл табу керек. Гомеопатиялық емнің  кереметі де сонда. Бізде ине шаншу, аспалы дәрі, яғни  балаларға ауыр соғатын қиын процедуралар жоқ, тарыдай ғана ақ түйіршек тәтті дәрілермен емделеді. Сондықтан  алдымызға келген науқас балалар қорқып жыламайды. Тағы да айта кететін жайт, бүгінде дәстүрлі медицинаның шамасы жетпей отырған  балалар арасында кіші зәрін ұстай алмай жіберіп қоя беретін шыжың (энурез), талма (эпилепсия), бас ауруы(внутричерепное давление), жиі суық тиіп ауыратын балалар, бойы өспей қалғандар  өте жақсы емделеді. Балалар тәтті балмұздақ, шырынды суға әуес қой, содан көбіне тамақ баспасына жиі  ұшырап жатады. Бұл да гомеопатиямен өте жақсы емделеді. Өкініштісі көпшілік, бұл жайында біле бермейді.

- Әр балаға науқасына қарай емес, жеке болмысына қарай емдейміз дедіңіз. Оның мәнісі қалай?

- Барлық баланың ағзасы белгілі бір ретпен дамығанымен, әр баланың жаратылысы да әрқалай. Мәселен, кейде баланы жалқау, ұяң, салғырт деп те кінәлауға болмайды. Өйткені бұл гомеопатиямен емделетін қасиеттер. Яғни баланың дамуындағы қандайда бір  кінәратты  немесе  анасының жүкті кезінде  қандай да бір зат алмасу процессі бұзылса, сол баланың дамуына әсер етеді. Соны баланың мінез-құлқына, болмысына қарап, әрі аппаратпентексере отырып, гомеопатиялық дәріні дәл табуға болады. Сол таңдалынып алынған табиғи минералдық дәрмек баланың мінезінің жақсарып, белсенділігін артуына шипа болып жатады. Сондықтан ата-аналар баланы кінәламай, тығырықтан шығар жолға ұмтылғаны дұрыс болар еді.   

 - Керемет! Ал  қарапайым жұртшылықтың  Гомеопатиялық ем алуға шамасы келеді ме?

- Әрине, бізде Гомеопатия орталығында дәрігерден кеңес алу тегін. Ал ем алатын болса, 15 000 теңге, бұл қаржыға  берілетін дәрі-дәрмектердің бәрі кіреді. Елімізде  көпшілігі әлі Гомеопатиямен  танысып үлгерген жоқ. Көрші Ресейде гомеопатиялық ем алу 1000 АҚШ доллары ($)  болса, Америка Құрама Штаттарында 20 000$. Яғни  қалталылары ғана ем ала алады.Америкада халық арасында сауалнама жүргізілгенде, 80 пайызы гомеопатияны таңдайтындарын айтқан.  Себебі ондағы  халық  Гомеопатиямен  ауру-сырқаудан толық  емделетінін біледі. Ал  мен өз тарапымнан  күнделікті тәжірибем арқылы  дәрігер ретінде Гомеопатияның  көптеген ауруға шипа екендігін атап өткім келеді.

- Индира Байжанқызы,  бұл сұқбатыңыз халқымызға  өте пайдалы деген сенімдемін! Сізге көп рахмет!   

Гомеопатия орталығының мекен жайы:1) Алматы қаласы, Пушкин,36 толық мәліметті 273-11-29,   2) Сейфуллина236, тел: 397-34-50, 397-32-88 телефондары және www.gomeopat.kz  сайты арқылы алуға болады.