Құрметті ұзтаздар мен ата - аналар!

Адамның ауру-сырқауға бейімділігі, оның денсаулық жағдайы әрі конституциясы бала бойға біткен, жүктілік кезеңінде және нәресте ғұмырының алғашқы жылында қаланады.

Адамның ауру-сырқауға бейімділігі, оның денсаулық жағдайы әрі конституциясы бала бойға біткен, жүктілік кезеңінде және нәресте ғұмырының алғашқы жылында қаланады. Ата-аналар мұны түсінбесе дерттің алдын-алу уақытын өткізіп қойып, кейін немқұрайдылықтарының зардабын тартады. Өйткені, ауруды жаңа басталғанда анықтаса, соған орай шара қолданса, онда оны созылмалы халге жеткізбес еді. Сондықтан , біздер --ата-аналар, перзенттеріміздің есейген шақтағы өмірінің қорғанысын   дайындаймыз. Сол себепті әке-шешесі сәбиінің ауырмауына, ал, науқастана қалса, оған ең тиімді, ал, бастысы, ең қауіпсіз ем түрін, мәселен, гомеопатияны таңдай білуі қажет. Әрине, таңдау еркі өзіңізде, дегенмен, гомеопатиялық дәрі-дәрмектердің екі негізгі қасиеттерін баса айтқымыз келеді: біріншіден, олар дерттің түпкі себептерін жояды, осылайша оның созылмалы ауруға ұласуына жол бермейді; екіншіден, сырқатқа шалдыққан тек белгілі бір жерге емес, тұтас ағзаға әсер етеді. Гомеопат-дәрігердің іс тәжірибесінде жиі кездесетін оқиғалардан мысалдар келтірейікші:

Бәрі әйгілі ОРЗ-дан басталады. Аурудың асқынуынан қорыққандықтан, әсіресе, қызуы қатты көтерілгенде, дәрігерлер, тіпті, ата-анасының өзі де, антибиотиктер беруге асығады. Бір жасқа дейінгі балаларға, жалпы кімге болмасын, антибиотіктерді тықпалай беру мүлдем керек емес, өйткені, ол барлық кезде дерлік дисбактериозды туғызады. Дисбактериоздан кейінгі кезең аллергия мен оның теріден көрінетін белгісі -- диатезге ұласады. Мұндай жағдайда дерматолог дәрігерлер бас қатырмастан стероидтік жақпа майларды ұсына салады. Иә, бөртпелер тез кетеді, әйтсе де, біраз уақыттан кейін, кезекті ОРЗ кезінде ауру ауырлай түседі. Көбіне астмалық бронхит, көп өтпей астманың ауылына да жақындап қалады. Өкінішке орай, бұл "түнгі қорқыту" емес, фарм.дәрі-дәрмектермен емдеудің күнделікті кездесетін нәтижесі. Ал, гомеопатия перзентінің қамын жеген ата-аналар үшін мүлдем басқаша мүмкіндіктер туғызады. Ол ауырмаудың тамаша амалын ұсынады. Күн сайын 2-3 домалақтан (шариктен) қабылдай отырып, ересектер мен балалар кез-келген эпидемияны жайбарақат өткізеді. Дерттің алдын алу мақсатында гомеопатиялық дәрі-дәрмекті тұқым қуалаған түрлі ауру-сырқаулары бар кез-келген бүлдіршінге беруге болады.

   Дәрігерге қаралуға келгендерден мынадай сөздерді жиі естиміз:

- Бала мазасыз... маған оның үлкен дәреті ұнамайды...   іші жиі қатып қалады...

- Қызым 5 жаста..., диатезі кетпей қойды әрі суық тиіп жиі ауырады....

- Бетімнің реңі сұп-сұр... ішім жиі қатады, көңіл-күйім бір көтерілмейді...

- Оның безеулері көбейіп кетті, ішегі ауыратынын айтып шағынады...

Осы шағымдардың бәрінің бір-ақ жауабы бар -- бұл дисбактериоздың айқын белгісі. Ол аллергияны тудыратыны да белгілі. Сондықтан, перзентіңізден аллергияның белгісі байқалса ол міндетті түрде зертханаға үлкен дәретін өткізіп, дис бактериоз бар-жоғын анықтауы керек. Барлық адамдар өз ғұмырында бір рет болса да дисбактериозға шалдығады. Мұндай жағдайда аяғыш әрі физиологиялық медицина ретінде гомеопатия баға жетпес қызмет көрсетеді.

... Баладан агрессия байқалады, ешкімге бағынбайды. Айналасындағылар ғана емес ата-анасы да оның мінез-құлқынан оғаш қылықтарды аңғарады, ол түнде кіші дәретін ұстай алмайды, түн сайын қорқып әрі айқай сап оянады --- сомнамбулизм белгілері. Түрлі сауалдар жаудырып әрі оның мінез- құлқын бақылаған,туған-туыстарын сұраққа алып, оның отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын қадағалаған гомеопат оған дәлме-дәл келетін бірден-бір дәріні таңдайды. Гомеопатиялық дәрі-дәрмекті ішкен соң үш айдан кейін анасы оны енді әлдеқайда қарапайым мәселе -- аденоидқа байланысты тексеруге әкеледі. Не болды? Оның ішкі және сыртқы агрессиясы қайда кетті, энурез және айкезбеден, түнгі қорқыныштар мен ауыр ұйқыдан ол бірсәтте қалай арылды?

"Полиомелит, диарея мен қызылша да бактериальды жұқпалы аурулар секілді тез емге көнеді. Мысалы, Королевалық Лондон гомеопатиялық ауруханасында асқынған бронхит пен пневмонияның барлық оқиғалары тіркелген. Екі жасқа дейінгілерден алғаш тіркелген 50 оқиғаның бірде-бірінде сәтсіз нәтиже болған жоқ. Олардың тек тоғызы ғана химиятерапияға жүгінді. Сосын осы бөлімде 92 оқиға тіркелді, олардың 64-і тек гомеопатиямен емделді. Бір ғана сәтсіз жағдай орын алды, дистрофиямен ауырған , пневмонияның үшінші рет ушығуы салдарынан өлім халіне жеткен 5 жасар бала көз жұмды. Бронхитпен ауырған 74 адам тіркелді,олардың 62 -сі тек қана гомеопатиямен емделді. Сәтсіз жағдай болған жоқ.

                                                                                     Құрметті ұстаздар, ата-аналар!

Біз Сіздерге темекі тартудың, насыбай шегудің, кальянның , сондай-ақ балаларды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізетін күйзелістің (депрессия)қандай қауіпті, зиянды екенін де баса айтқымыз келеді:

Насыбай -- анашаның бір түрі, психотроптық улы зат. Сондықтан оны қандай да болсын мөлшерде пайдалану адамның физикалық әрі психикалық денсаулығына үлкен зиянын тигізеді. Насыбай бірқатар ауыр дерттерге шалдығуға жол ашады. Бірінші кезекте, әрине, ауыз қуысы мен көмейдің қатерлі ісігі алға шығады. Мұндай сипаттағы аурулардың 80 пайызы насыбайдың салдарынан туындайтыны анықталды. Бұдан тысқары, насыбай гастрит, асқазан жарасы, пародонтоз ауруларына ұшыратады. Гепатит, кемақыл, белсіздік те осы қатарда тұр. Үзбей насыбай шегушілерде бала болмайды. Оның құрамындағы малдың қиы, тезегі паразиттерді, вирустарды жұқтыруға әкеп соғады, С гепатитіне жол ашады. Насыбай шылымнан да күшті, сондықтан ол кәдуілгі темекіден ондаған есе зиянды. Насыбай қанға түсіп, жүйке жүйесінің түрліше бұзылуына, ақыл-есі және физикалық жағынан дамымай, кері кетуге әкеліп соқтырады. Оның құрамындағы әк өңешті зақымдап, ас қорыту жүйесін ауыр дерттерге ұшыратады.

Насыбай шегу -- иньекциялы нашақорлыққа бастайтын тура жол.

Ал, темекі тарту мерзімінен бұрын өлуге себепкер болады, денсаулық пен психиканы бұзады, ол тәуелділікті туғызады. Шылымнан құтылуға Сізге біздің орталықтағы лазерлік кодтау көмектеседі, ол Қытай медицинасының іліміне сай таңдап алынатын биологиялық-белсенді нүктелерге лазерді белгілі бір ұзындықтағы толқындарды қолдана отырып пайдалану арқылы жүзеге асады. Олар шылымқұмарлықты тежейді деп ойлаймыз.

Сондай-ақ соңғы кездері өзін-өзі өлтіру жағынан Қазақстан әлем бойынша үшінші орынға шыққаны да өте алаңдарлық құбылыс. Суицидтің бірінші себеп-салдары көңіл-күйдің бұзылуы арқылы көрініс беретін психикалық ауру -- күйзеліс (депрессия) екенін ұмытпағанымыз жөн. Депрессия адам тәнін тұтастай жаулап алады. Мысалы, тәбеттің өзгеруі мөлшерден тыс тамақ ішуге, сөйтіп, артық салмақтың қосылуына немесе өте аз ішіп-жеп, жүдеп-жадауға әкеліп соқтырады. Депрессияның қауіптілігі сонда --- ол тән мен жанға, ақыл-ойға тұтастай зақым келтіреді.

Балаларға да (5жастан бастап) "депрессия" деп анықтама беру жиілеп кетті. Осынау әлсіз, дәрменсіз, сүйкімді, кішкентай періштелердің өзін-өзі өлтіріп, өмірмен қоштасуы бәрімізді күйіндіретін жайт. Қорқынышты, мағынасыз, адам сенгісіз, түсініксіз құбылыс, бірақ, бұл нақты шындық! Гомеопатия -- бейне бір ерекше сезімтал балаларға арналғандай жұмсақ медицина. Күйзеліске бейім көптеген балалардың дәрілерге, тамаққа, басқа да нәрселерге түйсік-талғамы күшті. Гомеопаттық дәрі-дәрмектерде қоспа мөлшері жоғары болатындықтан аллергия шығуы немесе ағзаға зиянын тигізуі өте сирек кездеседі.

Жоғарыда айтылған барлық дертке байланысты Сіздерге тиімді көмек көрсете аламыз.

Другие материалы в этой категории: « Гомеопатия для детей Гинекология в гомеопатии »