ҚАЗАҚ ГОМЕОПАТИЯНЫҢ ҚАДІРІН БІЛМЕЙ ЖАТЫР

«Бүкіл фармацевтика табиғатта жатыр, жасанды дәрілерді ойлап-табудың қажеті жоқ»,- деген немістің көрнекті ғалымы Самуэль Ганеман, химиялық дәрі-дәрмекке қарсы шығып, адамның жаны мен тәнін қоса емдеудің жаңа формасын ойлап тапты. Гомеопатия деп аталатын бұл медицина - қазақтың «уды, у қайтарады», - деген емшілік дәстүріне сүйенеді. Гомео – ұқсайтын, патос - ауруды өзіне тән табиғаттағы баламасымен емдеу. Бұрын-соңды адамның мінез-құлқын емдейтін медицинаны естіппе едіңіз?! Ол – таң ғажайып гомеопатия. Адам бойындағы тынымсыздық, қызғаншақтық, еріншектік, үрей, ашуланшақтық, агрессиялық тағы басқа жағымсыз қылықтардан арылуға негізделген бұл медицина сабақ үлгерімі нашар балалардың да оқуға деген құштарлықтарын оятып, талпыныстарын арттырады. Мұндағы шипалы дәрілердің құрамы Меделеевтің бүкіл элементтерімен толыққан. Бүгінгі экологиясы қиын заманда адам денсаулығы үшін гомепатия таптырмас ем екеніне көз жетікізген американдықтар АҚШ-тың Вашингтон штатында Самуэль Ганеманға ескерткіш орнатты. Мәшһүр әлемді өзіне тәнті еткен гомеопатия қазақ жерінде қалай дамуда?- деген сауалмен Республикаға танымал, Халықаралық және Қазақстан гомепатия лигасының вице-президенті, Қазақстан гомеопатия орталығының бастығы, Мәскеудегі Сеченов атындағы академия жанында ашылған жоғарғы гомепатия мектебін бітірген, дүниежүзіне әйгілі иридиолог-профессор А.Велховерден дәріс алған, гомеопат дәрігер Исаева Әсемгүл Оразбекқызын әңгімеге тарттық.  

Сұрақ: Әсемгүл Оразбекқызы, медицина ықылым заманнан бері дәстүрлі және халықтық медицина деп екіге бөлінеді. Ал сіз Қазақстанға гомеопатия деген жаңа емдеу әдісін алып келген алғашқы қарлығаштардың бірісіз. Елімізде гомеопатия медицинасы 20 жылға жуық қанат жайғанымен бұқара халықтың әлі де болса, бұл емдеу түрінен хабарсыз болуының себебі неде?  

Жауап: Гомеопатия, аллопатия сияқты дәстүрлі медицинаға жатады. Оның 200 жылдық тарихы бар. Мұның ғажайып медицина екенін мойындаған еуропа елдері гомеопатияны үлкен қарқынмен дамытып келеді. Ал біз болсақ кенжелеп қалдық. Жер жаһанға таралған гомеопатия қазақ жеріне отаршылдық кезінде келген. Большевиктер гомеопатияның негізін түсінбегендіктен, қатаң тыйым салып, қудалауға ұшыратты.   Германия, Бельгия, Греция, Бразилия, Австралия, Үндістан мен Азия елдері көш ілгері келеді. Гомеопатия емінің қадірін бағалай білген, Махатма Ганди, Мать Тереза, Марк Твен, Тина Тернер, Пол Маккартнилер және Ұлыбритания патшалығының отбасылары тек гомепатияны ғана қолданатын болса, Үндістанда 100 миллионнан астам халқы гомеопатиямен емделеді. Қазақстан Республикасында, Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсат етуімен, 1996 жылы үкіметтің арнайы қаулысымен гомеопатия медицинаның бір саласы ретінде ресми бекітілді. Содан бері 15 жылдың ішінде жақсы тәжірибе жинадық. Мыңдаған науқастарды емдеп, ризашылықтарын алдық. Бірақ, өкінішке орай, халық әлі гомепатия медицинасын дұрыс білмеуі насихаттың жоқтығынан. Бұқаралық ақпарат құралдарында гомеопатия жайында ештеңе айтылмайды. Ресейде гомеопатия бағалы медицинаға жатады. Мәскеуде жақсы гомепат- дәрігерге бір кіру мың доллар. Америкада 20 000 доллар. Ал, американдықтарға «медицинаның қай түрін таңдайсыз?»,- деген сұрақ жүргізген кезде 80 пайызы гомеопатияны айтқан. Соңғы статистика агенттігінің дерегі бойынша, қазіргі күні Қазақстан халқының саны 16 миллион 402 мың 861 адамды құраса, бізде әр миллион адамға бір гомеопат дәрігерден келеді.

Сұрақ: Сіз аллопатия медицинасы негізінде дәріс алған мамансыз. Дәстүрлі медицинаның ыстығына күйіп, суығына тоңғандардың бірісіз. Еңбек жолыңызды қарапайым дәрігерліктен бастап, бас дәрігерлікке дейін көтерілдіңіз. Соған қарамастан гомеопатияны таңдауыңыздың басты себебі неде? Бұл жолға қалай келдіңіз?

Жауап:Қайта құру кезеңінде Мәскеуге білімімді жетілдіру үшін барғанда, бір профессордың гомеопатия жайындағы дәрісін естіп, «Дәрігердің де, науқастың да талабына сай тамаша медицина екен, Қазақстанда неге жоқ, мұны меңгеруім қажет» деген талап қойып, Мәскеудегі Симилия классикалық гомеопатия орталығына барып оқып, мамандандым. Соның жемісі болар, қазір екі гомепатиялық орталық аштым, Гүлстан Алламбергенова мен Индира Белесова сынды шәкірттерім бар.

     Медицинаның феномені Гиппократ «Адам - биологиялық күрделі құрылым. Оған үлкен мөлшерде химиялық дәрілер беріп, еш уақытта да емдей алмайсыңдар»,- деп айтып кеткен. Адам екі жағдайда емделеді. Біреуі табиғи дәрімен, екіншісі өзінің иммунитеті арқылы. Яғни, ағза аурумен күресу қабілетінің арқасында, өзі жеңеді. Ал аллопатия көп жағдайда химиялық дәрімен үлкен дозалық мөлшерде емдейді.Мысалы, кох таяқшасын жою үшін үлкен мөлшерде антибиотик беріп, микропты тұншықтырып тастағанмен адам бойындағы бүкіл микрофлораны жойып тастағандықтан қажетті микробтар да жойылып, тамақты қорыту нашарлағандықтан, орнына басқа грибок, аскарида, дисбактериоз сияқты аурулар пайда болады. Құрттар іште, сау ағзада өмір сүре алмай өліп қалуы керек. Ал антибиотик зиянкестердің өмір сүруіне жол ашып береді. Қазір бүкіл әлем антибтиотиктен бас тартуда. Денсаулық сақтау саласының экс-министрі Василий Николайұлы Девядко мырза, телеарнаға берген сұхбатында: «10 күнге АҚШ-қа барған сапарымда американдықтар маған бір түйір ампицилиннің зияны күрделі операциядан да ауыр екенін дәлелдеп берді»,- деп ағынан жарылғаны бар. Германияда 5 жасқа дейінгі балаға антибиотик салған дәрігерді сотқа береді. Себебі, ол – у болғандықтан иммунитетті құртып жіберді. Гомепатия табиғи жолмен, иммунитетті көтеру арқылы емдесе, аллопатия антибиотик, химиялау арқылы иммунитетті тұншықтыру арқылы емдейді. Айтар болсақ, зоб дертін дайын гармон, химия беріп емдесе, гомеопатия қалқанша бездің өзіне жұмыс жасату арқылы гормонды бөліп шығуына ықпал етеді. Сондықтан да аллопатия мен гомеопатияның айырмашылығы жер мен көктей. Бірақ мен дәстүрлі медицинаны жоққа шығарып отырған жоқпын. Оның да халық денсаулығы үшін атқарып отырған орасан зор еңбегі бар. Мен тек қана кейбір кемшіліктері мен айырмашылықтарын айтып отырмын. Дәстүрлі медицинадағы қолданылатын синтезделген химиялық қоспалары бар дәрілер көптеген адамдарды шұғыл жағдайларда аман алып қалғандарын біздер жоққа шығармаймыз. Бірақ менің айтайын дегенім, адамдар өз ағзаларын тұрақты түрде тек химиялық дәрілермен емдесе, иммунитеттерін түсіріп,   ауруға қарсы күрес қабілеттерін төмендетіп жібереді. Адам табиғаттың бір бөлшегі. Сондықтан мына жалған дүниеде Алла Тағалам адам баласына табиғатты жаратып, оларға табиғи таза жолдарымен емделулеріне жол ашқан. Адам болған соң оның тәнімен бірге жаны бар екені тағы ақиқат. Демек адам баласын гомеопатиямен емдегенде оның тек тәнін ғана емес, жанын да емдеу қарастырылған. Қазақ: «Жаны саудың тәні сау» - деп бекер айтпаған. Осыдан 2000 жыл бұрын ғұлама Платон: «Дәрігерлердің ең үлкен қателігі сонда - яғни адамдардың денесін емдейтігінде, ал жанын емдеу ұмыт қалған» деп айтқан болса, Үндістанның бұрынғы көшбасшысы Махатма Ганди: «Гомеопатия басқа медицинаға қарағанда, емдеу әсерлігі көп, әрі ең қауіпсіз, ең нәзік, ең арзан және медицинаның толықтырылған ғылымы болып табылады»- деп жоғары баға берген..

Сұрақ: Гомеопатия қандай аурулардың түрлерін емдейді?

Жауап: Гомеопатия ағзадағы жан мен тәнді толық емдегендіктен барлық ауруларға ем деп айтуға болады. Гомеопатия еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін залалы жоқ ғажайып медицина. Әсіресе, созылмалы аурулады емдеуде тамша нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз. Мысалы, асқазан-шек жолдарын, жүрек-қантамырлары жүйелерін, бронхологиялық жүйе, гинекологиялық, зәр жүргізу жолдарын (аденома, белсіздік), тамақ, мұрын, құлақ дерттерін, аллергиялық және тері ауруларын, бас сақинасы, жүйке, депрессия, жоғарғы қан қысымы, буын, остеохондроз, эндокринологиялық, ұйқысыздық, балалардың шыжыңы, бауыр, бүйрек және тағы басқалары.

Сұрақ: Сіздер науқастың ауруларын қалай анықтайсыздар?

Жауап: Бізде көптеген заманауи аппараттар бар. Көне заманнан бері халық медицинасында тамыр ұстау арқылы диагноз қою кеңінен таралған. Міне, осыны негізге ала отырып медицина ғалымдары соңғы жетістіктегі компьютерлік пульсогемоиндикация деген тамаша аппарат ойлап тапты Ол 2006 жылы Ресей Федерациясының ең үздік медициналық апараты атанды. Мәскеуден алып келген осы диагностикалық аппарат, тамырды ұстап, қай жерің ауырып тұрғанын дәлме-дәл анықтайды. Сол арқылы, ағза мүшелерін, яғни, жүрек, қан тамырлары, бүйрек, өт тағы басқаларының қандай күйде екенін, іштегі вирустар мен ішек құрттарын, бел омыртқаның жағдайын, мінез-құлықты аз уақытта анықтап береді. Көздің қарашығына қарап қоятын иридодиагностикалық құрал бар. Төрт-бес минутта барлық жан-дүниеңде не болып жатқанын айтады. Көз - мидың бір бөлігі. Адам қабылдайтын барлық ақпарат ми арқылы көзге беріледі. Мұның бір артықшылығы адам бойында белгісі әлі көрінбеген қалтарыстағы аурудың өзін анықтайды. Атам қазақтың «Көз адамның айнасы»,- деген сөзі бүгін де дәлелденіп отыр. Адам баласының саусақтарындағы таңбалар бір-біріне мүлдем ұқсамайтын сияқты көз қарашығындағы таңбалар да бірін-бірі қайталамайды. Сондықтан қазір жапондықтар сейфті көздің қарашығымен ашу әдісін ойлап тапты. Ғалымдар адамның көзі оның ағзасының картасы деген тұжырым жасап, табиғат барлық дене мүшелері туралы ақпаратты көз қарашығына жазып қойған дегенді алға тартуда. Жақында медицина ғалымдары темекі қойдыратын лазеротерапия деп аталатын әдіс тауып, оны мыңдаған адамдарға қолданып, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Біздің орталық осы аппаратты сатып алып, темекіге тәуелді адамдардың қолынан темекіні өз еріктерімен тастатып жатыр. Және заман талабына сай тағы бір американдық құралымыз бар. Парапсихологиялық ғылымға негізделген бұл аурография техникасы адам бойындағы жағымсыз қара энергияның, дуаның бар-жоғын және оның ағзаның қай мүшесінде қара дақ боп тұрғанын, ішке жын-перінің кіріп-кірмегенін дәл анықтай алады. Бұл аппаратпен осы саланы жетік меңгерген білікті маман, гомеопат-психотерапевт Тұрғанбаева Гүлбаршын Мұратқызы жұмыс жасайды. Ғалымдардың тұжырымы бойынша, әр адамның өз түсі бар. Осы құрал арқылы әр адам өзіңізге тән түсін білуге болады. Өз түсіңізді киіп жүрсеңіз, ғарыштық энергияны да көбірек қабылдап, өмірлік жолыңыз да ашық болады деген пікірлер бар.

           Алайда, диагноз қоюға бәріміз шеберміз. Бірақ, сол анықталған дертті аяғына дейін емдеп шығу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ал сол ауруларды емдеудің ең қарапайым да, пайдалы жолы – гомеопатия екенін айту және науқасты емдеп жазу менің дәрігерлік парызым. Түптің түбінде бүкіл әлем, оның ішінде Қазақстан да осы емдеу әдісіне көшетініне күмәнім жоқ.

Сұрақ: Гомеопатияның емдеу әдісінің негізгі заңдылығы ұқсасты ұқсаспен емдеу екеніне басында айтқан едік, енді осы жайында оқырғандарға тарқатып айтып берсеңіз?

Жауап: Гомепатия өмірдің барлық саласында тәжірибеден өткен. Табиғаттағы ұқсастық заңы бойынша қос жұп бірін-бірі табады. Байқасаңыз ерлі-зайптылар бір-біріне ұқсас келеді. Тәжірибелі аспазшы қолын күйдіріп алған болса, қолын еш уақытта суық суға салмайды, себебі, одан бірден шиша пайда болады. Керісінше, ол ауруға шыдап, қолын ыстық буға немесе жылы суға ұстайды. Ауру неден туындаса, соны өзіне қайта пайдалану табиғат заңы. Бұл әдіс аурудың тез жазылуына мүмкіндік береді. Сіздерге, гомепатияның бір құпиясын ашайын. Адам күйгенге гомеопаттардың күшті дәрісі бар. Ол – уртика уренс деп аталады. Бұл – қалақай шөбі. Ол неліктен күйгенге тиімді екенін білесіз бе? Өйткені, қалқайға денеге тиген кезде дәл күйгендегідей әсер береді. Егер адам суық тиіп ауырса, оны пияздан жасалған дәрімен емдеген дұрыс. Себебі, пиязды турағанда тымаудағыдай жасаурау болады. Міне, гомепатияның қарапайымдылығы осында.

Гомеопатия орталығының жеке пікірлер кітапшасында энурез, зоб,      буын, қан қысымы, аллергия ж/е т.б ауруларынан айығып, алғыстарын білдірген көптеген азаматтардың алғыстарымен таныстық. Сол кітапшадан аздаған үзінді:

Халық даналары «Аурудың бәрі жүйкеден»,- деп айтып кеткен ғой. Бірде қабылдауға Ольга есімді бетінде оғаштау тері жарасы бар жас әйел келді. Ұзақ жылдар медицинаның барлық түрімен емделіпті. Гормональдық терапия да алған. Әйелмен әңгімелесу барысында тері жарасы екінші рет тұрмысқа шыққан кезінде пайда болғанын білдім. Пациенттің бойын, бірінші күйеуі опасыздық жасағандықтан, екінші жары да сол зұлымдықты қайталайма деген күдік билеген. Терапевт дәрігер, аурудың ағзада емес, дисгармониядан, қайғырудан болып тұрғанын ажырата алмаған. Ал, менің емімнен кейін Ольга бетіндегі жарасынан құлан таза айыққанын айтып, ризашылығын білдірді. Жалпы алғанда адам ағзасы бір-біріне тікелей бағынышты болғандықтан, аурудың барлық себеп-салдары адамның ойлау жүйесімен тікелей байланысты. Ауру өзінен өзі пайда болмайды. Бұл ағзаға беріліп тұрған жағымсыз ақпарат.  

 

«Мен, Н.Ф.Лисарева Әсемгүлге шын жүрегімнен рахметімді білдіремін. Ол бірнеше жыл бойы өт жолдары ауырған 10 жасар немерем Сашаны емдеп жазды. (Алматы қаласы, Айнабұлақ 3, мөлтек ауданы).

«Мен Есбосанова Аягүл Жортбайқызы Орал өңірінен келіп, Әсемгүлдің емін алып, псориаздан тәуір болдым. (Орал қаласы)

«Мен, Молдабеков Омарбек Әбілмәжінұлы асқазан,жүрек және жол апатынан алған бас жарақатымнан, ұйқысыздықтан құлан таза айқтым. (Райымбек ауданы).

«Мен, Сағындықов Ермек Әсемгүлге екі аяғымнан жүре алмай, балдақпенен келгенмін. Қан қысымым 200-ге дейін көтеріліп, сол бүйрегім ашып ауыратын. Әсемгүлдің емінен кейін балдағымды тастап, денсаулығым жақсарды. (Райымбек ауд.).