Дертке дауа, жанға шипа - Қытай медицинасы

 

 Бес мың жылдық тарихы бар Қытай елінің медицинасы өзінің аса мол тәжірибесінде таңғажайып емдеу әдістерімен адам баласының өмірінде кездесетін сан алуан аурулармен қоса, күрделі сырқаттарды емдеп жазып, күллі ғаламды мойындатып келеді. Көне заманнан тамыр жайған Қытай медицинасын терең білетін Чэн Юитан - Фуцзяньдағы медициналық оқу орнын бітіргеннен кейін 18 жыл дәрігер болып қызмет жасап, мыңдаған науқасты емдеп жазып, халық ықыласына бөленіп жүрген бірегей маман. Ауруларға диагноз қою, ауру себептерін анықтау, жігін ажырату бүгінде Чэн Юитанға күнделікті іске айналған. Ол Қытай медицинасымен қатар, еуропалық медицинасын да қатар меңгерген. Чэн Юитан - медициналық тексеру жабдықтарының көмегімен сан түрлі күрделі ауруларды анықтай отырып қазіргі заманауи технологияларды, ине шаншумен бірге ем шөптерді негізге алып емдейтін білікті де, тәжірибелі дарынды дәрігер.

Чэн Юитан Қытайдың дәстүрлі медицинасы арқылы емдеуде шөп дәрілерді пайдалану, инемен емдеу, дене энергиясын қолдануды негізге алады. Мәселен, бүгінде ине шаншып емдеу әдiсiне соңғы кезде күллі ғалам үлкен көңiл бөлiнiп отыр. Аурудың пайда болуын және оларды ине шаншу арқылы емдеуде 12 бас арналар, «Ғажайып арналар», коллатеральдар бар. Арналар жүйесiнiң адам емдеуде құрылысы мен функционалды маңызы зор. Ине шаншып емдеу адам бойындағы 700 ем нүктесі арқылы жүзеге асады. Ол үшін дәрігер адам анатомиясын терең білуі шарт. Бұл емдеу дәстүрі бойынша жазылмайтын аурулар жоқтың қасы. Ине шаншып емдеу әдісінің қыр-сырын терең білетін Чэн Юитанды 2006 жылы Қырғыз елінің мамандары арнайы шақыртып, Бішкектегі «Алтын ине» ауруханасынан арнайы орын берді. Өз ісіне қаршығадай қырағы Чэн Юитанның адам емдеудегі ғажайып қабілетіне риза болған айыр қалпақты ағайындар оған «Атамбай» деп ат қойды. 2010 жылғы сәуірдің 7-8 аралығындағы билікке қарсы көтеріліс кезінде Чэн Юитан Қырғызстаннан кетуге мәжбүр болып, Қазақстанға қарай қоныс аударды. Атам қазақ «Әке көрген оқ жонар»,- дегендей Чэн Юитанның медицина саласын таңдауына саналы ғұмырын адам емдеуге арнаған әкесі себепкер болды. Әке жолын қуған Чэн Юитанның әр түрлi патологияларды емдеуде өзіндің әдіс-тәсілдері бар. Классикалық ине шаншудың теориялық негіздерін жетік меңгерген Чэн Юитан - акупунктуралық нүктелердi дәл анықтайтын бірегей маман. Ол адам ағзасы табиғаттың тұтас бiр бөлiгi, - деп қарайды. Көне заманнан бастау алатын тибет ілімі осы кезеңде де өзектілігін жоғалтқан жоқ. «Дәрі шөптен шығады, дана көп­тен шығады» дегендей   Қытайдың елінің дуалы ауызды дәрігерінің бірі: «Сенің денеңнің қуаты - өсімдіктің шырынында» - деуі бекер емес. Бүгін де Чэн Юитан ине емі мен дәрілік шөптерді қосып емдеуде ғажайып нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Шығыс медицинасы зерттегендей, осы қан айналымы жүйесін басқарып отыратын жан нүктелері мердиандар болады. Олар он төрт сызықтың бойымен жүріп, 700 ем нүктесін анықтайды. Адам ағзасындағы мүшелердің дұрыс жұмыс істеуі қан айналымы жүйесімен байланысты екен. Қытай елінде медициналық білім беретін оқу орындарында Тибет медицинасы арнайы оқытылады. Шығыс медицинасының талабы — адам анатомиясын жақсы білу. Чэн Юитан инемен емдеу осы екен деп, кез келген жерді шанша бермейді. Адамның қан тамырлары қай жерден өтіп тұр, анатомиялық байланысы қай жерімен байланысып тұр, соны толық меңгерген, медициналық, биологиялық негізге толық қанық болғандықтан ғана мұны дұрыс қоя алады. Емдік дәрумендерді кәдеге жарата білген Чэн Юитанның пациенттері оны басқа дәрігерлерге айырбастағысы жоқ. Чэн Юитан тік ішек меридиянын, (геморрой) түйінін заманауи аппарат арқылы еш ауыртпай, қанатпай алып тастаудың озық техонологиясын меңгерген. Адам анатомиясы мен физиологиясын жетік білетін ол ағза мен ауру бір-біріне тығыз байланысты біртұтас құбылыс деп қарағандықтан, оның тәсілі мен емдеу әдісі өзара үндесіп, нәтижелі болып шығады. Чэн Юитан дәрігердің негізгі емдейтін ауру түрлері:  

Тыныс жолы аурулары: бронхиалдық астма, демікпе, фарингит, ларингит, гайморит. Жел құз аурулары: ревматизм, радикулит, полиартрит, остреохондроз, грыжа. Несіп жолы дерттері: (қуық аурулары) аденома, простатит, гонорея, трихомоноз, хламидиоз, герппес, белсіздік аурлары. Гайморит, ларенгит, аллергия, псарияз, сулы теміреткі, қант диабеті, шаштың теңбілденіп түсіп қалуы, орхит, фаренгит, холецистит, гепатит, пиолофрит, салпенгит, панкреатит, инфарк, паралич.  Әйелдер аурулары: мастопатия, миома, киста, белсіздік, бала жатыр мен аналық бездің қабынуы;

Мәселен: псориаз – тері ауруына жатады. Оны емдеу үшін аурудың шығу тарихын және оның себептерін анықтау керек. Сол арқылы тері ауруын асқындырмау жолдарын іздестіріп және ауруды толық емдеу қажет. Ине терапиясы арқылы жан арналары (меридиан) ашылады да ішкі ағзалардың қызметі жақсарып, тері қалпына келеді. Шығыс медицинасында сусамырды толық емдеу тәжірибеден өту үстінде.  Бұл аурудың туу және өрбу себебі науқастың жүйке жүйесінің бұзылғандығымен байланысты. Ал шығыс медицинасы оның басты себебін, яғни жүйке жүйесін ретке келтіреді. Асқазан асты без қызметін және секрециялық без қызметін қалпына келтіреді.  Бүйрек – адам ағзасындағы маңызды бөлшек. Сондықтан, бүйрекке залал келтіретін азықтықтар мен жүйесіз әрекеттерден сақтанған жөн. Чэн Юитанның тәжірибесінде қолданылатын инені мың шөптің қоспасымен қыздыру емі бүйрек қызметін айтарлықтай жақсартады. Сондай-ақ бүйрек қабынуына және бүйректегі тасты сыртқа шығаруға арнайы тибеттің шөп дәрілері беріледі.

Адам денесіндегі созылмалы жарақаттар, ісіктер, өспелер, терідегі қалыпсыздықтар, буындардың ауруы, шорлану, икемге келмеу, қабынып, ірінді жарақаттарға айналған, мойын, арқа, бел омыртқаларының және басқа буындардың шершеу өсулерін (тұз байлану, хондроз), ұйқысыздық, жүйке аурулары, бауыр, асқазан, өт, ішек, дәрет жолы қабынуы, түрлі тері аурулары, ерлер мен әйелдер дерті, ревматизм, артрит, бронхит, астма, қан қысымының жоғарылауын түсіру, ерлердің қуық асты безінің қабынуын, цестит, хандроз, грыжа, омыртқа аралық шершеу және тағы басқалары.

Дәрілік өсімдіктер адам ағза­сына ешқандай зиянын жаса­май­ды. Бағзы замандарда Египет­тегі жұрт алоэ, қараған, анис жә­не басқа өсімдіктердің шипа­лық қасиетін біліп, мыңдаған ауруларға шипа берген. Төрт мыңдай жыл бұрын үнділіктер 760 дәрілік өсімдікті халық еміне пайдала­ныпты. Ал Қытайда дәрілік шөптер туралы кітап 5 мың жыл бұрын жазылған.

Денсаулығы сыр берген адам әуелі Алланы аузына алып, сосын Еміне – шипа, дертіне дауа жасаған адамға алғысын барынша жаудырады. Осындай ыстық ықыласқа лайық дәрігердің бірі және бірегейі осы – Чэн Юитан. Оның өмірлік кредосы өз пациенттін дерттен толық айықтырып, ауырып ем іздегенше - ауырмайтын жол іздеуге үйрету.

                                                                                    

 

 

Другие материалы в этой категории: « ҚАЗАҚ ГОМЕОПАТИЯНЫҢ ҚАДІРІН БІЛМЕЙ ЖАТЫР Роза »